1000 бала!

1000 бала!

Мың бала қозғалысы — Арал теңізі маңын мекендеген Әлім-Шекті тайпасының жоңғарларға қарсы соғысқан 15 жасар Сартай батыр бастаған 1000 бала қолы.

Шектінің Жақайымы 98 жастағы қарт әкесі Байжан биден 15 жастағы Сартай батыр бата алып, 1000 баладан жасақ құрайды.

Соғыс басталар кезде екі шекесінде қос айдары бар 15 жасар Сартай батыр, қасында «ақшұбар» мылтығы бар 13 жасар Жылқыаман «Мың баланың» алдын бастап сауыттарын киіп сапта тұрады.

Әбілхайыр ханның белгісін күтіп тұрған кезі еді. Ал алдарында қара бұлтай түнерген қалың жаудың қолы. Жаудың санын қақ ортасынан бөлу Сартай тобының еш соғыста кездеспеген жаңа әдісі еді. Егер ортадан жаудың тобын бөлмесе, жау күші әлсіремеген болар еді.

Осы соғыста жан аямай соғысып жоңғарларды жеңіп шығады. Бірақ 12-16 жастағы 1000 баланың ішінен 500-ден астам бала қаза болады.

Неткен ерлік! Бабаларымыз осындай болған. Иә, осындай болған деп, мақтанып отырып қалмайық! Отан үшін ерлік жасау нәсіп болсын баршамызға!

Алла Тағала еліміз аман, заманымыз тыныш болуын нәсіп етіп, қазақ елі Ақыретке дейін дәурен сүруін нәсіп жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға