Тірі жүрек пен өлі жүрек

Тірі жүрек пен өлі жүрек

Жүрек екі түрлі болады: тірі және өлі.

Тірі жүрек – Алла Тағаланы зікір еткен жүрек.

Алла Тағаланы зікір ету: жалаң «Уа, Алла», «тоба, тоба» деген сөз емес. Шын зікір – пенде Алла Тағаланы еске алып, сол еске алғаны оны күнәдан тыйған зікір.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Алла Тағаланы зікір еткен және зікір етпеген жүрек, тірі және өлі жүрек тәрізді»,-демек.

Демек, Хақ Тағаланы зікір етпеген, «Уа, Алла», «тоба, тоба» деген сөз себепті күнәдан тыйылмаған жүрек – өлі жүрек.

Ғалымдардың айтуынша, күнәдан жиіркенбеген жүрек – ғапылдық кеселіне ұшыраған жүрек. Бұл кеселдің бір ғана емі бар – Алла Тағаланы көп зікір арқылы күнә атаулыдан барынша сақтана білу.

Алла Тағала баршамызға тірі жүрек иесі болуды нәсіп етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға