Қаласаң...

Жәннатты болуды қаласаң – намаз оқы!

Бай болуды қаласаң – истиғфарды көп айт!

Өзгелер сені жақсы көруін қаласаң, кеңпейіл, жайдары бол!

Екі дүниеде бақытты болуды қаласаң, Құран жолын ұстан!

Толығырақ ...

Біреу сені...

Сені біреу ренжітсе, қапаланба. Сені пенде емес, Алла Тағала қуантсын!

Сені біреу жақсы көрмесе, ойланба. Сені пенде емес, Хақ Тағала жақсы көрсін!

Саған біреу жамандық істесе, мән берме. Сені пенде емес, Алла Тағала жарылқасын!

Толығырақ ...

Барлығы жақсы болады!

Болғанның барлығы көңілге ала берсең, өмір сүру қиындап кетеді. Сол үшін майда-шүйдеге мән берместен, өзгенің кемшілігіне көз жұмып, тым сыншыл болмастан, біреу көңіліңді қалдырса: «Ол да мен сияқты пенде ғой»,-деп қоя салу керек! Сонда барлығы жақсы болады!

Толығырақ ...

Дүние ғажабы!

Өмірде көп қателесіп, жақын адамдарымыздан айырыламыз.

Өзгелерге жағамыз деп, жақын-туыстан қашып жатамыз.

Бөтен біреуді көкке көтеріп, достарымызды елемейміз.

Бізді сыйлағанды қапаландырып, кейін бізден кешірім сұрауын күтеміз.

Толығырақ ...

Бес түрлі перзент!

1. Ата-анасын құрметтеймеді, айтқанына бағынбайды. Бұндай перзент ата-ананың разылығынан мақұрым.

2. Ата-анасының айтқанын істегенімен, сол істегенін міндетсініп, ата-анасына дауыс көтеріп, дікілдейді. Бұндай пенде улкен күнәһар болып, ата-ананың разылығынан мақұрым қалуға бір қадам тұрады.

3. Ата-анасының айтқанын істейді, оларға зеіп, дауыс көтермейді, бірақ іштей ықылассыз. Бұндай перзент ата-анасына құрметсіздік етпегенімен, сауаптан мақұрым.

4. Ата-анасына құрмет көрсетуде ықыласты перзент. Бұндай перзент ата-ананың разылығы мен сауапқа қол жеткізеді.

5. Ата-анасы айтпай-ақ, оларға бар қызметін істеп құрметтейді. Мұндай перзент Алла Тағала Құранда уәде етілген сауапқа қол жеткізеді. Алайда, мұндай перзент тым сирек кездеседі.

Осы бес түрлі пезенттің соңғы екеуінің ғұмыры ұзақ, несібесі берекелді, мол, көңілі тоқ, жолы ашық болады. Бұл – Хақ Тағала игі перзентке пәниде бергені. Ал Ақыретте есеп-қисабы жеңіл болу, Қиямет азабынан аман болу, сырат көпірінен аман өту, жәннатқа тез кіру т.с.с. нығметке бөленеді.

Алла Тағала баршамызға игі перзент болуымызды жазсын! Әмин!

Толығырақ ...