Сәресіні ерте ішіп қойдым...

Сұрақ: бірде сәресіні тым ерте жеп ауыз бекіттім. Біраз уақыттан соң шөлдей бастадым. Таңатқанға дейін уақыт болғанына қарамастан оразамды бұзып аламын ба деп су ішпедім. Біреулер «су ішсең болар еді» деді. Осы жағдайда не істеу керек еді?

Жауап: Кей кезде байқаусызда сәресіні тым ерте жеп, таң атудан бір, не болмаса екі сағат бұрын ауыз бекітіп қоятын жағдай болады. Кейде біреулер ұйқылы көзбен сағатты шатастырып сәресіні апыр-топыр жеп, тоймай қалады. Ұйқысын ашып мұқият қараса, уақыт әлі ерте екен. Сәресіні қайта жейін десе, оразаны ниеттеніп, ауыз бекітіп қойды. Жемейін десе, таң атуға дейін біраз уақыт бар әрі сәресіге де тоймай қалды. Көп адам мұндай жағдайда: «Не істесем екен?»-деп, ойланып қалады.

Бұл жағдайда білместен аузын ерте бекітіп қойған адам, таң атып кетпеуін қадағалап, сәресіні қайта ішіп, қуаттанып алса болады. Себебі:

"الْمُؤْمِنُ الْقَوِيُّ خَيْرٌ وَأَحَبُّ إِلَى اللهِ تَعَالَى مِنَ الْمُؤْمِنِ الضَّعِيفِ"

«АллаһТағалаүшiнәлсiзмүминненгөрi қуаттымүминартықәрі ұнамды».[1]



[1]хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Муслим риуаят етті. («Сахиху Муслим»)

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға