Жамағат намазын үйде оқу

Жамағат намазын үйде оқу

Сұрақ:Ас-саләму аләйкум! Үйде оқылған намаз жамағат намазына жата ма?

Жауап: Уа аләйкумус-саләму уа рохматул-лаһи уа баракәтуһ!

Шариғат бойынша еркектер, реті келсе, бес уақыт намазды мешітте, жамағатпен оқуы – бекітілген сүннет. Бірақ қазір жаппай карантиннің себебінен бес уақыт намазды үйде оқыған дұрыс болып жатыр.

Сұрақ: осы жағдайда намазын үйінде отбасымен бірге оқыған адам жамағат сауабын ала ма?

Иә, алады. Себебі, жамағаттың бастапқы талабы – кемінде екі адам болу. Бұл жағдайда, ханафи мазһабы бойынша, имам балиғат жасына жеткен ер адам болуы тиіс. Әйел адам намазда имам бола алмайды. Ал жамағат екі адамнан болған жағдайда, маамун, яғни имамға ұйыған адам тек еркек болуы міндетті емес. Ол жас бала немесе әйел болуы мүмкін. Мәселен, ері әйелімен қосылып оқыған намаз жамағат намазы есебінде болады. Яғни, олар бес уақыт намазды жеке-жеке оқығаннан гөрі, жамағат болып оқыса, 25-27 есе артық сауап алады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға