Шағбан айының оразасы

Шағбан айының оразасы

Сұрақ: Ас-саләму аләйкум! Шағбан айында қанша күн ораза ұстау керек?

Жауап: Уа аләйкумус-саләм! Шағбан айы – қасиетті айлардың біріне жатады. Оның қасиеттілігі – Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтқанында, бұл айда жыл бойы істеген амалдарымыз көкке көтеріледі. Амалдарым оразамен көтерілсін деген ниетпен Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бұл айда көп ораза ұстаған. Тіпті, көп ұстағаны соншалық, оны көргендер үздіксіз ораза ұстап жатыр деген ойға барған. Алайда, ғалымдардың айтуынша ай бойы үздіксіз ауыз бекіту тек Рамазан айына тән нәрсе. Осы себептен шағбан бойы ораза ұстамастан, бір-ек күн болса да ауыз бекітпеген шариғатқа сай болады.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға