Салихалы әйел

Салихалы әйел

Салихалы әйел: «Мен қалағандай жағдай жасап бере алмай жатырсыз»,-дейтін әйел емес. Салихалы әйел: «Ризық-несібе Алла Тағаладан. Демек, несібеміз мол болсын десек, истиғфар айтайық»,-дейтін әйел.

Салихалы әйел, бірінші мәселеде: «Тамағыңызды уақытылы жеңіз»,-дейтін әйел емес. Салихалы әйел: «Намазыңызды уақытылы орындаңыз»,-дейтін әйел.

Салихалы әйел мода, сән қуған әйел емес. Салихалы әйел Хақ Тағаланың әміріне сай әуретін жауып жүрген әйел.

Салихалы әйел ас таңдамайтын әйел емес. Салихалы әйел: «Қара су ішіп, қара нан жесемде, адал болса болғаны»,-дейтін әйел.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға