Тағдыр мәселесі!

Тағдыр мәселесі!

Бірде бір имансыз мұсылманнан: «Сендер Алланың тағдырына сенесіңдер ме?»,-деп сұрады.

- Иә.

- Олай болса, бір биік шыңнан секіре аласың ба? Егер Алла аман болуыңды жазса, онда аман қаласың.

Сонда мұсылман имансыздың құйтыртқы сөзіне былай деп жауап берді: «Мына ақиқатты түсін! Шын мәнінде, пенде Алланы емес, Алла пендені сынайды».

Мұсылмандықтың белгісі – Алла Тағала белгілеген тағдырына разы болу. Келесі мәселе – пенде жақсылыққа қол жеткізу ниет, үмітпен намаз оқиды, ораза ұстайды, садақа береді. Бірақ: «Намаз оқып, ораза ұстап жатырмын. Қане Аллаңның бергені»,-деген күпірлік ой мен сөзден сақтанады. Себебі, шын иманды пенде намазы мен оразасын Жаратушы Иенің разылығы үшін орындап, тағдырының жақсы-жаманын оның жазмышынан күтеді. Кейін, бір жақсылық болса, оған шүкіршілік етіп, бір жамандық болса, оған сабырлық етеді. Бірақ еш қашан: «Намаз оқып жатырмын ғой. Қане Аллаңның бергені»,-деген сорақылыққа бармайды.

Алла Тағала тағдырға деген иманымызды кәміл етсін! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға