Иман кемелдігінің белгісі!

Иман кемелдігінің белгісі!

Тіршілікке қажетті напақаны адал жолмен кәсіп ету. Үйленіп, шаңырақ көтеру. Ұл-қызды тәрбиелеп, өсіру. Науқастанса, емделу. Қарыз болса, одан құтылу. Аманатты иесіне тапсыру. Тіршіліктің машақаты жетерлік. Құдайға шүкір, осы машақатты жеңілдетудің жолы бар. Ол – Алла Тағалаға сүйену, рахметінен күдер үзбеу, кеңшілігінен үміттену. Бұл сүйеніш пен үміттің негізі құлшылық құрайды. Хақ Тағаланың рахметінен үмітенген күйде орындалған құлшылық – ең сауапты амал.

Ғалымдар: «Еш қашан Алла Тағаланың рахметінен күдер үзбеу – иман кемелдігінің белгісі»,-деген.

Хақ Тағала баршамызға кәміл иман нәсіп етіп, тек сауапты амал орындауымызды жазсын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға