Қазақ қызы Францияда қала басшысының орынбасары қызметіне сайланды

Қазақ қызы Францияда қала басшысының орынбасары қызметіне сайланды

Ешім Саваш (Yeşim Savaş) – 19 ғасырда Алтай өңірінде тұрған Қытайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болған Зуқа батырдың ұрпағы. Ол 1991 жылы Парижде дүниеге келген. Алайда кейін әкесі Махмұт Саваштың жұмыс бабы бойынша отбасы Францияның солтүстігіндегі Крей қаласына қоныс аударады. Ешім осы жерде өсіп, 28 маусымда қала мэрінің орынбасары болып сайланды.

Ұстаз әрі мэрдің орынбасарыЕшім университет қабырғасында аймақтық мекемені басқару саласында бакалавр дәрежесін алған. Ал магистратураны білім беру саласы бойынша бітірген. Ол 2017 жылдан бері мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

"Ата-әжем Алтайда тұрып, менің арғы атам Зуқа батыр қаза тапқан соң 1940-1945 жылдары Пәкістан мен Түркияға көшіп кеткен. Сол кезеңде ел ішінде бас көтеріп, көпшілікке көмек қолын созған Зуқа батырдың шөбересімін. Ол мен үшін үлкен тұлға. Ата-анам біздің арғы атамыздың ілім сүйген, оқыған кісі болғанын жиі айтып отырады. Мен өз атаммен мақтанамын", - дейді Ешім бабасы жайлы.

"Қазақ тілінде сөйлей алмаймын, алайда кей сөзді түсінемін. Себебі менің ата-әжем қазақша сөйлейді, олардың әңгімесіне бірден араласып кете алмасам да, әңгіменің не жайлы екенін шама-шарқым жеткенше түсініп отырамын. Мен қандай да бір тілді тез меңгеріп аламын, егер қазақ тілін үйрену үшін сабақ алар болсам, үйреніп алатыныма сенімдімін", - дейді бойжеткен.

Крей – Францияның солтүстігіндегі қала. 2017 жылдағы мәлімет бойынша, ол жерде 36 мыңға жуық адам тұрады.

Бойжеткеннің айтуынша, Саваш отбасы Францияның Крей қаласында тұратын жалғыз отбасы. Оның 27 жастағы Ясин есімді інісі мен 23 жастағы Дильяра деген сіңілісі бар.

"Крей қаласында жалғыз ғана қазақ отбасы тұрады. Ол – біз. Қазақтар мен қазақ қауымының мүшелері Париж бен оның маңында тұрады. Ал Крей қаласын әкем жұмыс бабымен таңдаған", - дейді Саваш.

Ал Ешімнің әкесі Махмұт Саваш Франциядағы қазақтар қауымдастығының төрағасы болып қызмет етеді.

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға