Жағымпаз – сатқын!

Жағымпаз – сатқын!

Жағымпаздар бар, біреулерді тым асыра мақтайтын. Бір ғажабы, осындай асыра мақтауды жақсы көретіндер бар! Бірақ солар жағымпаздықпен айтылған мақтаудың жалған мақтау екенін түсінбейді. Бұған себеп – олардың менмендігі, тәкаппарлығы, атаққұмарлығы мен өзін тым жоғары бағалауы. Осы себептен олар бетке айтылған шындықты көтере алмайды. Өздерімен келіспегеннің барлығын, өзінің жауы деп біледі. Болмаса, дені сау адам бетке айтылған шындықты қателікті жөндеудің оңтайлы мүмкіндігі ретінде қабылдайды.

Жағымпаз – сатқын! Ал сатқын – екіжүзді. Бұл – оның табиғаты. Ал сатқын адам қашан шындықты айтыпты. Сондықтан, әдетте, сатқын өз ыңғайына қарай иілгіш болып келеді. Бүгін біреуді мақтаса, ертең ол обыройынан айырылған кезде, басқаша сөйлеп шыға келеді. Сондықтан жағымпаздарды жақсы көргендер мына ақиқатты білсін! Бетіңе сені тым асыра мақтаған, сенің бар дегеніңмен келіскіш жағымпаз, сол сәтте-ақ сені арқаңнан ғайбаттап жатады. Мысалы, Уаһб ибн Мунаббиһ (рохматуллаһи ғаләйһи) бетке тым асыра мақтаған адам, артынша сол өзі мақтаған адамын сыртынан ғайбаттап жататыны жайында айтса, имам Шафиғи (рохматуллаһи ғаләйһи) саған біреуді ғайбаттаған адам, сені де сыртыңнан жамандайтыны жайында айтқан.

Бір кереметі, атаққұмар мен жағымпаздар тіл табысып кетеді. Бұған себеп олардың табиғи үйлесімділігі. Сондықтан, әдетте, шыншыл, бойы екіжүзділіктен пәк тұлғалар атаққұмар мен жағымпаздармен сыйыса алмайды.

Алла Тағала атаққұмарлық пен жағымпаз достан сақтасын! Әмин!

Пікір жазу

Керек жерлердің бәрін (*) толтырғандығыңызға көз жеткізіңіз.
HTML-кодтарға тиым салынған

Жоғарыға