Ғажап заман-ай!

Арақ – азыққа, құмар – олжаға, әншілік – өнерге, пара – табысқа, ер мен әйелдердің араласуы – өркениеттілікке, жалаңаштық – сұлулыққа, арсыздық – бостандыққа, ойнастық – сауыққа, еркектер әйелдерін қызғанбауы – әдетке, екіжүзділік – саясатқа, істің мән-жайына бармастан сөйлеу – даналыққа, өсек – шындықты айтуға, жақсылыққа шақыру – айыпты іске, жамандықтан тыйылу – артта қалушылыққа, орамал мен ұзын етек көйлек – өзге өркениетке еліктеушілікке айналды.

Алла Тағала баршамызға ынсап берсін!

Толығырақ ...

Төрт нәрсені кейінге қалдыр!

1. Ұйқы, демалысты – қабыр кезеңіне!

2. Рахатты – сырат көпірінен өткеннен кейінгі сәтке!

3. Мақтанышты – бар ісің амал таразында тартылғаннан кейінгі сәтке!

4. Ләззат пен қалауыңды – жәннатты болғаннан кейінгі сәтке қалдыр!

Толығырақ ...

Үйде береке болсын десең!

Үйінде береке болуын қалаған адам, үйінен шығып бара жатып: «Ал, жақсы! Пока!»,-емес: «Ассаләму аләйкум!»,-десін.

Ассаләму аләйкум – сізге Алла Тағаланың амандығы, сәлемі болсын! Хақ Тағаланың сәлемі нәсіп болғаны, екі дүниенің жақсылық нәсіп болғаны!

Толығырақ ...

Танысу!

Құранда «Ясин» және «Юсуф» сүрелері бар. Содан...

- Сенің атың кім?

- Ясин.

- «Ясин» сүресін оқып берші.

Бала «Ясин» сүресін әдемілеп оқып берді.

- Ал сенің атың кім?

- Юсуф. Бірақ үйдегілер мені еркелетіп «Юсуфжан» деп атайды!

Толығырақ ...

Арапа күнінің қасиеттілігі

Арапа күні ерекше күн болу себебінен оның артықшылығы жайында бөлек әңгіме етуді жөн көрдік. Арапа күніне артықшылықтардың жоғарыда біршамасы айтылып өтті. Дегенмен, бұл жерде соларды толықтыра кетсек артық болмас деп ойлаймыз.

1. Арапа күні – Жаратушы Ие дінімізді кәміл әрі нығметін бізге толық еткен күн.

Ториқ ибн Шиһаб р.л.ғ. айтады: «Бірде Омарға р.л.ғ. бір яһуди келіп былай деді: «Уа, мүминдердің әміршісі! Кітаптарыңда сендер үнемі оқитын бір аят бар. Егер бізге, яһудилерге, сол аят түссе еді біз сол аят түсірілген күнді айт етіп алар едік».

- Ол қай аят?

- Ол: «Бүгін сендерге діндеріңді кәміл және нығметімді толық еттім. Сондай-ақ діндерің Ислам болудан разы болдым»-аяты. («Мәида», 3 аят)

Сонда Омар р.л.ғ. былай деді: «Ақиқатында, мен сол аят қай жерде және қайсы күні түсірілгенін білемін. Ол Алла Тағаланың елшісіне жұма күні Арафатта түсірілді».[1]

Расында да, Ислам діні, шариғат тұрғысынан, дәл сол күні кемелдігіне жетті. Сол сәтке дейін мұсылмандар Исламның бесінші негізін, яғни қажылықты іс жүзінде орындамаған болатын. Мұсылмандарға алғашқы рет қажылық парызын орындаумен дін кәміл болды. Бұған дәлел болған аят та дәл сол қажылық кезінде түсірілді.

Сонымен қатар Алла Тағала қажылық амалдарын Ибраһим ғ.с. шариғатының негізіне қайтарып, сол жылдан бастап мушриктер мұсылмандарға қосылып қажылық амалдарын орындауына тыйым салынды. Тек бұл емес, бәлкім бүкіл Араб жәзирасында ширк амалдарына жойылды. Хақ Тағала – Дана әрі Хаким емес пе?!

Нығметтің толық болу мәселесіне келер болсақ, ол – Хақ Тағаланың жарылқауы мен кешірімі. Себебі, кешірімсіз нығмет толық болуы мүмкін емес.

2. Арапа күні – қасиетті айдың бір күні.

Алла Тағала айтады: «Шын мәнінде, көктер мен жерді жаратқан күні Алла Тағала, Кітабына сай, айлардың санын он екі етті. Оның төртеуі қасиетті».[2]

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады:«Бір жыл – он екі ай. Оның төртеуі қасиетті әрі оның үшеуі бірінен соң бірі келеді. Ол: Зүл-Қағда, Зүл-Хижжә және Мухаррам айлары. Ал төртінші Рәжәб айы – Мудара тайпасының айы. Ол Жүмада және Шағбан айларының арасында».[3]

Сөз жоқ, Қасиетті Құран мен хадисте зікір етілуі Зүл-Хижжә айының қасиетті ай екенінің дәлелі. Дегенмен, мұның мәнісі неде? Мұның мәнісі: Зүл-Хижжә – қажылық айы. Бұл айдың қасиеттілігін тіпті бәдәуилер де қастерлеп, құрметтеген. Оның бірден-бір көрінісі: бір-бірінен өшін алып, өзара қырық пышақ болып жататын арабтар Зүл-Хижжә айында жаушылықтың барлық түріне тоқтау салатын.

3. Арапа күні – Құранда зікір етілген он күннің бірі. Бұған дәлел: «Олар белгілі күндерде Алла Тағаланың есіміз зікір етсін». («Хәжж» сүресі, 28 ят)

Ибн Аббас р.л.ғ. бұл аяттағы «белгілі күндерде» сөзін «Зүл-Хижжә айының бастапқы он күні» деп тафсирлеген.[4] Сол бастапқы он күннің қатарына қажылықтың әуелгі күні, яғни Арапа күні де жатады.

4. Арафат күні – Хақ Тағала «Фәжр» сүресінде серт еткен он күннің бірі: «Ағарған таңға әрі Зүл-Хижжә айының алғашқы он кешіне... серт».

Бұл да болса Арафат күнінің қасиеттілігіне дәлел емес пе?

5. Зүл-Хижжәнің бастапқы он күнінде істелген құлшылық өзге күні істелген құлшылықтан абзал. Ал Арафат күні сол он күндер қатарына жатпай ма?

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Алла Тағаланың назарында осы он күннен ұлық күн жоқ әрі осы он күн ішінде істелген амалдардан артық жақсы көретін амал жоқ».[5]

6. Басқа күндері ораза ұстамаған болсаңыз да, осы күнді өткізіп алмаңыз! Неге? Себебі, Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бұл күннің оразасы жайында: «Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдың күнәсін жуып-шаяды»-деген.

Яғни, Арапа күні ұсталған ораза бір жылдық жеңіл күнәнің кәффараты болады. Осы мәселеге ден қойып екі жылдық күнәміз кешірілуінен мақрұм болып қалмайық, құрметті жамағат!;

7. Арапа күні – қажылық парызын орындап жүрген жамағат үшін мейрам болып есептеледі. Осы себептен олар ораза ұстамайды. Бұған дәлел: Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Арапа күні, құрбандық күні және ташриқ күндері біздер үшін, яғни мұсылмандар үшін – мейрам. Бұл – ішіп-жейтін күндер».[6]

Абдуллаһ ибн Омар р.л.ғ. Арапа күні ораза ұстау мәселесі жайында сұралғанда: «Мен Нәбимен (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бірге қажылыққа бардым. Сонда Ол (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) ораза ұстамады. Әбу Бәкрмен р.л.ғ. қажылыққа барғанымда ол да ауыз бекітпеді. Омармен р.л.ғ. қажылыққа бардым. Ол да ораза ұстамады. Османмен р.л.ғ. қажылыққа барғанымда, ол да ауыз бекітпеді. Мен де Арапа күні ораза ұстамаймын әрі сол күні ораза ұста деп бұйырмаймын...»-деп жауап берген.[7]

Ескерту: жоғарыда айтылғандай Арапа күні ораза ұстау тек қажылықта үрмеген мұсылмандар үшін рұқсат;

8. Арафат күні істелген дұға – дұғаның абзалы. Себебі, пайғамбарымыз Мұхаммед (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Дұғаның қайырлысы – Арапа күні істелген дұға. Мен және менен ілгері болған пайғамбарлардың айтқан ең абзал сөз: лә иләһә илләл-лаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһу, ләһүл-мүлкү, уә ләһүл-хамду, уә һуа ъалә күлли шайин қадир (Алла Тағаладан өзге тәңiр жоқ. Ол – жалғыз. Оның серiгi жоқ. Иелiк және мақтау тек Оған тән әрi Оның құдiретi барлық нәрсеге жетедi)»-деген.[8]

9. Арафат күні – шарапатты күн. Себебі, Хақ Тағала тозақтан азат еткен пенделерінің ең көп саны дәл сол Арапа күніне келеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Алла Тағала Арафат күні көптеген пендесін тозақтан азат етеді. Сан жағынан бұл күнге тең келетін күн жоқ. Шын мәнінде, Хақ Тағала Арафат күні пенделеріне жақындап, оларды періштелердің алдында мақтаныш етіп: «Олар нені қалайды өзі?!»-дейді».[9]

Көріп тұрғанымыздай Жаратушы Ие Арафат күні Арафада жиналған мұсылмандарды періштелердің алдында мақтаныш етеді. Бұл да Арафат күніне тән ерекшеліктердің бірі;

10. Арапа күні – мисақ күні. Мисақ – уәделесу, серттесу орыны не болмаса уақыты. Шариғатта «әл-мисақ» деп Хақ Тағала адамзатпен серттескен күн айтылады.

Хадисте[10] Алла Тағала Адамды ғ.с. жаратып, кейін Арафатта оның белінен бүкіл ұрпағын шығарып, олардан: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?»-деп сұрағаны жайында айтылған.[11] Сонда Адамның ғ.с. ұрпағы: «Әрине куәміз»-деп жауап берген.[12]

Осы оқиғаны «әл-мисақ» деп айтады.



[1]‏حاشية السندي على النسائي، 47 - كتاب الإيمان وشرائعه، 2234 - باب زيـادة الإيمـان، 5010

[2]«Тәуба», 36 аят.

[3]‏تهذيب سنن أبي داود، 5 - كتاب المناسك، 624 - باب الأشهر الحرم، 1947

[4]صحيح البخاري، 19 - كتاب العيدين، 11 - باب: فضل العمل في أيام التشريق

[5]‏مسند الإمام أحمد، المجلد الثاني، مسند عبد الله بن عمر بن الخطاب رضي الله تعالى عنهما

[6]‏عون المعبود، شرح سنن أبي داوود، 8 - كتاب الصيام، 805 - باب صيام أيام التشريق، 2418

[7]تحفة الأحوذي، 8 - كتاب الصوم عن رسول الله صلى الله عليه وسلم، 513 - باب كَرَاهِيَةِ صَوْمِ يَوْمِ عَرَفَةَ بِعَرَفَة، 745

[8]‏سنن الترمذي، أبواب الدعوات عَن رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَليْهِ وسَلَّم، 8 - بابٌ في فضلِ لا حولَ ولا قوَّة إلاّ باللَّهِ، 3655

[9]‏سنن ابن ماجه، 56 - باب الدعاء بعرفة، 3014

[10]‏زيادة الجامع الصغير، 1231

[11]«Ағраф», 172 аят.

[12]«Ағраф», 172 аят.

Толығырақ ...

Құрбан айт күндері мустахаб болған амалдар

1. Айт күні ерте тұрып шомылып шайыну;

2. Жаңа немесе таза киім кию;

3. Хош иісті су, әтір себу;

4. Көңілді, шат болып жүру;

5. Мүмкіндігінше көп садақа беру;

6. Жағдай келсе намазға жаяу бару. Себебі, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айт намаздарына әдетте жаяу жүріп барған;

7. Намазға бір жолмен барғаннан кейін, қайтқанда басқа жолмен қайту;

8. Айт намазына бара жатып, жолда тәкбир айту;

9. Құрбан шалатын жағдайда Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сүннетіне сәйкес, айт намазын оқып біткенше өзін ішіп-жеуден тыю. Алайда, қалаған адам Құрбан айт намазынан бұрын ішіп-жесе мәкрүһ болмайды;

10. Айт күндергі дұғалар қабыл! Сондықтан да Құрбан айт түндерін дұға және құлшылықпен өткізген жөн. Қаза намаздарын өтесе, Құран оқыса болады. Бұған қатысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Рамазан және Құрбан айт түндерінің сауабынан үміттеніп, ғибадатпен өткізген кісінің жүрегі, өзге жүректер өлген күні өлмейді»-деген.

Айт күндері мейіршапағат, рақымдылық, достық сезімін тудыратын күндер. Бұл күндерде түрлі жағдай әсерімен еңселері түсіп, жандары қысылған кісілердің рухы шаттанып, келешекке үміттері оянады.

Айт күндері әсіресе ата-анаға ерекше ілтипатпен қарап, құрмет көрсету – әрбір мұсылманның қасиетті борышы. Себебі, Алла Тағалаға Құранда Өзіне ғибадат етуді бұйырып, артынша ата-анаға құрмет көрсетуді талап еткен.

Айт күндері өзара кездескен мұсылмандар бір-бірін айтпен құттықтап, туыс, жора-жолдастарын зиярат етіп, оларға жақсы тілек білдірулері – әдіптілік бел-гісі болып есептеледі.

Сондай-ақ, науқастардың жағдайынан хабар алып, оларға шипа тілеп, ізгі ниет білдіру, көрші, ауылдастар мен мұқтаждарға ерекше құрмет көрсету, жетім-жесірлерге жәрдем беріп, көңілдерін көтеру, марқұмдарға дұға ету, достық та, туыстық та қарымқатынасы үзіліп, суып кеткендерді қайта табыстыру – әрбіріміздің мұсылмандық борышымыз!

Толығырақ ...