Бәдр ғазауаты. Бастамасы

Һижри екінші жылы, Рамазан айында Үлкен Бәрд ғазауаты орын алды.

Алла Тағала Құранда Бәдр ғазауаты болған күнді «Фурқан күні», яғни «ақиқат пен жалғандықтың арасын айыратын күн» деп атады. («Анфәл», 41 аят)

Бәдр ғазауаты қарсаңында.

Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Шамнан Меккеге Әбу Суфйан ибн Харб бастаған керуен келе жатқанын естиді. Әбу Суфйан сол кезде мұсылмандықтың ең қас жауы болатын.

Керуеннің хабарын ести сала, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мұсылмандарға керуенді қолға түсіруді бұйырады.

Мұсылмандар керуенді қолға түсіру әрекетіне кіріскені жайында естіген Әбу Суфйан Мекке мушриктерінен жәрдем сұрап хабаршысын жөнелтеді. Бұл хабарды естіген мушриктер Меккеден мұсылмандарға қарсы әскер шығарады. Бұл істен мушриктердің көсемдері тыс қалмайды. Тек Әбу Ләһаб қана өзінің орнына өкілін жібереді.

Толығырақ ...

Оразаның парыз болуы

Һижри екінші жылы Хақ Тағала «Бақара» сүресінің 183-ші аятын түсіріп, мұсылмандарға Рамазан айында ауыз бекітуді бұйырды.

Айта кететін жайт!

Ораза парыз болғаннан кейін Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тоғыз рет Рамазан оразасын ұстады.

Ораза парыз болудың мәні:

1. Мұсылмандарды тақуалыққа дағдыландыру.

2. Үмметі біріктіру.

3. Мұсылмандарды жомарттық пен шүкіршілікке тәрбиелеу.

Толығырақ ...

Соғысуға рұқсат етілгеннен кейінгі әрекет

Соғысуға рұқсат етілгеннен кейін, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тарап-тарапқа мұсылман жасақтарын жөнелте бастады. Бұдан негізгі үш мақсат көзделген болатын:

1. Мәдинаның айналасындағы жолдарды барлау.

2. Айналадағы тайпалармен келісімге келу.

3. Яһудилерге, араб тайпаларына және Мекке мушриктеріне мұсылмандардың қуаттылығын көрсету.

Толығырақ ...

Мұсылмандарға соғысуға рұқсат етілуі

Мушриктер Меккеде Мәдинаға һижрат ете алаған мұсылмандарға бар білген қастығын істеп жатты. Онымен шектелмей, олар Мәдинадағы мұсылмандарға қарсы дұшпандық ойлады.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеде болған кезде, мұсылмандар қолға қару алып, ар-намысын қорғау жайында айтқанда, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Сабыр етіңдер! Маған мушриктермен соғысуға рұқсат жоқ»,-деп жауап беретін.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мәдинаға һижрат еткеннен соң Алла Тағала зұлымдққа ұшыраған мұсылмандарға мушриктерге қарсы соғысуды рұқсат етіп, «Хәж» сүресінің 39-ші аятын түсірді.

Ескерту! Ислам тарихындағы кәпірлермен болған бірінші қақтығыс олардың қастықтары себебінен болды. жалпы, Құранда мұсылмандарға бірінші болып тиіспеу бұйырылған. Бірақ біреу тиіссе, ары мен намысын қорғауға рұқсат етілген. Бұл – бір жаңалық емес! Себебі, кез келген ел өзін қорғауға құқылы.

Толығырақ ...

Қурайш мушриктерінің ызасы

Ислам Мәдинада тұрақтанды. Күннен-күнге мұсылмандардың саны көбейіп, мұсылмандық қуаттана бастады. Мұны естіген меккелік мушриктер мұсылмандарға қарсылық ету ниетімен білек буды. Яғни, мұсылмандарға қарсы қастық ұйымдастыруды ойластыра бастады.

Толығырақ ...

Қыбланың өзгеруі – сынақ!

Қыбланың өзгеруі Алла Тағаланың сынағы еді. Сол арқылы Хақ Тағала пенделердің дінге деген ықыласын тексерді.

Мұсылмандар Байтул-Мақдиске қарап намаз оқығандарын көрген яһудилер: «Мұхаммед өз дінін ұстанып, біздің қыбламызды пайдаланып жатыр»,-дейтін. Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) олардың іштарлық етіп жүргенін білетін.

Мұсылмандардың қыбласы Байтул-Мақдистен Меккедегі қағбаға ауысқаны яһуди мен мұнафықтар үшін қатты соққы болды. Қыбланың өзгергені яһуди мен мұнафықтардың Исламнан болған күмәнін күшейтсе, мұсылмандардың иманын тұрақтандыра түсті.

Негізінде яһуди мен мұнафықтар қыбланың өзгеруін Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жеке қате ұйғарымы деп түсінді. Әлбетте, олардың бұл ойы орасаң қате еді. Әдеті бойынша мұсылмандардың арасында іріткі салу үшін, олар: «Байтул-Мақдиске қарап намаз оқып, қыбла өзгеруден бұрын өлгендер кәпір болған күйде өлді. Қыбласын өзгерткен Мұхаммед күпірлікке ұрынды»,-деген сөз тарата бастады. Осылай дей тұра, яһудилер Тауратта баян етілген соңғы пайғамбардың сипаттарын жасыруға тырысты. Себебі, сол сипаттардан хабары бар адам Мұхаммедтің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) пайғамбарлығына иман келтіруі тиіс еді.

Толығырақ ...