Сұрақ – Жауап
Ассаламу алайкум, ардақты ағайын!
Бүгін міне өздеріңізге арнап сұрақ-жауап бөлімін ашып отырмыз. Көкейде жүрген сауалдарыңыз болса осы жерде қойып, сауалдарыңызға қанағаттанарлықтай жауап аласыздар деп үміттенеміз. Мұндағы мақалалар да, сұрақтарыңызға жауаптар да бүлік тудырмау мақсатында барынша Имам Әбу Ханифа мазһабымен жауап беріледі.
Сауалдарыңыз қайталанбауы үшін міндетті түрде жауап берілген тақырыптарды қарап алыңыздар.
Сұрақтар мен жауаптар
- Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Мен әлі үйленбегенмін, қызбен қалай кездесу жолдарын жазып жіберсеңіз. Аллаһ разы болсын?
- Мусылмандардын мешитиндеги немесе баска жердеги АЙ белгиси нени билдиреди?
- Таң намазы калай оқылады?
- жумыста намаз окуга ешкандай жагдай жасалмаган сонда жумыстагы адамдар бесін, аср намазды калай отейді?
- Бұрынғыдай емес қазір кітаптардың түрі өте көп. Соның кейбірі дұрыс емес, кейбірі басқа бағытта деп жатады, сонда қай кітаптарға және қалай дұрыстығына көз жеткізуге болады?
- Хиджап киуге лайықты болу керек сияқты сіз қалай ойлайсыз?
- Намазда қолды кіндіктен төмен байлау туралы не айтасыз?
Сұрақ: Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Мен әлі үйленбегенмін, қызбен қалай кездесу жолдарын жазып жіберсеңіз. Аллаһ разы болсын?
Жауап:
Сұрақ қойған: Сәбит
Уа алайкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Сіз әлі үйленбеген болсаңыз сізге көп нәрселерді ескеріп білуіңіз қажет. Қызбен кездесудің өзі маңызды істердің бірі. Себебі неке қиылған күннен бастап ол сіздің өмірлік жарыңыз болады. Өмірдің қиын-қыстауларын бірге өткізетін боласыздар. Сондықтан отбасының ыстығына да, суығына да көне білетін жар таңдай білуіңіз керек. Жалпы шариғатта қызбен үш рет кездесуге нұсқайды. Мұның астарында көптеген жақсылықтар барлығын ескеріп, азсынуға болмайды. Мысалы үшін, сізге үш күнде емтихан тапсырасын делінсе, сіз міндетті түрде аз уақыт барлығын ескеріп тынбастан оқып, мақсат еткен емтиханнан дұрыс өту үшін әрбір оқығаныңызға мән беріп, мағыналарына терең үңілетініңіз ақиқат. Ал, ұзақ уақыт берілсе әлі уақыт барлығын ескеріп қаншама күніңізді бос жіберіп алатынымыз тағы бар. Осы секілді шариғат жолымен жар таңдауда терең мән беріп, кеңінен ойлану керек. Көше тілімен айтқанда, байқасаңыз көптеген жігіттердің жүретін қыздары бар, қыздардың жігіттері бар. Олардың бұрын екі-үшеуімен жүрдім бірімен 2 жыл жүрдім десе енді бірімен 2-3 ай жүрдім деседі де ұнамай тастап кеттім дейді. Міне бұл бір-бірін ойыншыққа айналдырған болып саналады. Қазақта ыдыс-аяқ сақырламай тұрмайды делінген сөз бар. 2-3 ай өткеннен кейін бір нәрсеге келіспей қалған жағдайда ұнамады деп тастап кету міне осыған саяды. Сондықтан дұрыс ой жүгірте білсеңіз үш рет кездесуде үлкен береке бар. Біріншіден ол асыл шариғат заңы. Аллаһ елшісінің (с.а.с) көрсеткен жолы.
Көп жігіттер имандылық жолында жүрген орамалды қыздарға тікелей сізбен танысуға болады ма дегендей барып, қателік жасап, ондай қыздар ұнамайды деп жатады. Қызбен танысудың жолы мынадай болады. Өзіңіз сырттай ұнатқан қыздың жолдас қызымен немесе женгесі секілді жақын кісісімен танысып, ол қыз жайында кеңірек мәліметтер біліп, солар арқылы кездесу сұрастырасыз. Сонда ғана ол қыздар шариғат жолымен сізбен кездесуге келісім береді. Жоғарыда айтқандай үш рет кездесу жақын танысымен ол қыз жайында біліп алғаннан кейін, ойыңызды толық сол қызға байладым деп алғашқы кездескенде қызбен танысып сөйлесесіз. Ұсынысыңызды айтып, екеуіңіздің де болашақ жарларыңыз қалай болғанын қалайтындықтарыңызды сұрайсыздар. Содан ақ көп мәселе шешіліп қалады. Екінші кезіккенде де алғаш кезіккенде айтылмаған сауалдарыңыз болса бір біріңізге қойып сол аралықта оның ойын біліп алғаннан кейін ойланасыз. Ата-анаңызбен ақылдасып, осындай қыз бар екен дегендей кеңесіп көресіз. Себебі сіз оны жақын достарынан білесіз қандай қыз екендігін. Сөйтіп екінші кездесуде келесі кезіккенше деп толық ойланып соңғы шешімдеріңізді айтасыздар да мақұл болып жатса үйленуге әрекет жасайсыз. Мақұл болмаған жағдайда екеуіңізде шариғи жолмен кездесіп, бір-бірлеріңізге бауырда баспағандықтан қиналмай Аллаһтан хайырын сұрап жақсы дұға тілектермен қоштасасыздар. Немесе достары арқылы жауабын беруге болады.
Бұл енді қарапайымғана мысалдармен түсіндіруге тырыстым. Ақыл иесі арғы жағын өзі ақ ойлануға болады. Тағы бір айта кететін жайт, Истихара деген намаз бар. Қажет намаз депте айтылады, сол намазды қағидасымен оқып, Аллаһтан сұрап дұға етіп жатсаңыз, түсіңізде Аллаһ сол таңдаған қызыңыздың хайырлы не тура келмейтіндігін көрсетед. Бұл жайында толығырақ Истихара намазы туралы оқып білерсіз.
Сосын дін жолында жүргендіктен хиджаптағы иманды қызды таңдағаныңыз жөн болады. Себебі олардың мұсылман ерлерде хақылары бар. Хиджап киіп, имандылық жолында намаз оқымайтын біреуге шыға салмайдығой. Осы жағында ойланып көріңіз. Көптеген үйленгендерді де білеміз өзім тәрбиелеп аламын, намаз оқытып аламын деп қателеседі. Жоқ алдымен біз өзімізді тәрбиелеп алайық. Өзіміз дінді толық білмей тұрып хиджап кимейтін қызды тәрбиелеп алам деу қиын мәселе. Ертең Аллаһ жүрегіне иман бермей сіз ойлағанай болмай жатса, шариғат талаққа рұқсат еткен, талақ халал деп оп-оңай талағын беріп жіберіп жатсаңыз атбасын сақтау парыз екендігін ұмытып қаламыз байқамай. Сондықтан кеңінен ойланған жөн. Көптеген кісілерді де білеміз талақ халал деп, Аллаһтың сынағы болып қалды деумен бірнеше әйелдерді талақ еткендерде аз емес. Ойлап қараңызшы, талақты неге еркектің еркіне берген? Себебі әйелдер өте әлсіз болады, болмашы нәрсеге ашуланып, шешім қабылдап жатады. Кетемінде-кетемінге салады. Ал сондай әйелдерге талақт беру құқығы берілсе ойлаңыз не боларын. Бірақ көбірек мынаны ойлаңы. Талақ халал деп, әйелдерге Аллаһтың сынағы болды деумен талақ бере берсеңіз сонда әйелдерден не айырмашылығымыз бар талақ біздерге берілетіндей?!
Шариғатта талақ рұқсат етілгенмен, Аллаһ тағала қатты ашуланады екен. Талақты жек көреді екен. Тіпті кей риуаяттарда Талақ жасағанда Аллаһтың ашуланғаны соншалық, аршысы дірілдеп кетеді деген жерлері де бар. Сондықтан Неке қиярда мәңгілік жарым етуге келісім беремін деп неке қидырғаннан кейін өмірдің ыстығы мен суығына көнуіңіз қажет.
Қысқа-нұсқа жазуды қаламадым. Дегенмен қатты ұзақта болып барады. Осы жерде тоқтап, арғы жағын Аллаһ ақыл берді емес пе жақсылап ойға салып бақытты өмір кешудің жолын қарастырайық. Аллаһ жақсы жар кезіктіріп, екі дүниенің бақытын берсін! Әмин.
Сұрақ: Мусылмандардын мешитиндеги немесе баска жердеги АЙ белгиси нени билдиреди?
Жауап:
Сұрақ қойған: Абдулла Амантай
Айды Аллаһ Тағала өзі білген хикметтерімен түнде нұр шашып жарық болып тұруға жаратқан. Сондай-ақ пенделері айға қарап жыл санауы мен уақыт белгілерін аңғаруға болатын мүмкіндік еткен. Бұл жайында Аллаһ елшісінің (с.а.с) бірнеше хадистері бар. Хусайн ибн Харис риуаятында: Меккенің әмірі хұтпасында “Аллаһ елшісі біздерге ғибадаттарды көрумен орындауымызға бұйырды” – деген. (Әбу Дауд).
Ибн Омар (р.а) былай деп риуаят еткен. Аллаһ Елшісі (с.а.с): “(Рамазан) Айды көргенде ораза тұтыңдар, (Шаъбан) айды көріп ауыздарыңды ашыңдар” – деген. (Имам Термизи).
Ал, енді Ислам рәмізі ретіндегі ай белгісіне келер болсақ, ол Осман дәуіріндегі оқиғалар себеп болған. 1453 жылы Султан Мухаммад Фатиһ Византиянын жүрегі саналатын Қустантия (немесе Қанстантия болса керек) яғни қазіргі Станбулға шабуыл жасайды. Ислам тарихынын шешуші күресті бастау уақытын аспандағы ай көрінуін белгіленді. Сол ай көрінумен шайқас басталып, бұл маңызды болған қала басып алынды. Кейіннен жеңген мұсылмандар туларына ай белгісін орнатқан. Ол кезде Осман дәуірі халифалықты әлі алмаған кез болатын. 1516 жылы Сұлтан Салим бірінші ислам өлкелеріне үкім етуді қолға алды. Жалаудағы ай белгісі сол кезден бастап басқада мұсылман жұрттарының туларына енгізіле бастады. Бүгінгі күнде 13 мемлекетте сол ай белгісі туларында орын алған. Соның кейбірі Алжир, Пакстан, Малайзия, Сингапур, Тунис және Өзбекстан сондай-ақ Туркия, Әзербайжан мен Түркменстан сияқты мемлекеттер.
Тап осы сияқты мешіттердің үстіне ай белгісін орнату осыдан қалған.
(Дұрысын бір Аллаһ білуші)
Сұрақ: Таң намазы калай оқылады?
Жауап:
Сұрақ қойған: Ғани Жүсіпов
Таң намазы
Таң намазының алдымен екі рәкат сүннеті оқылады. «Бүгінгі бамдат намазының екі рәат сүннетін оқуға ниет етттім» деп ниет етіп, дереу екі қолын екі құлағына тақап, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, тәкбір алады. Осыдан кейін қолдарын байлап, «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә иләһә ғайрука», «Ә’узу биллаһи минаш шайтанир ражим, Бисмиллаһир рахманир рахим» дейді де, «Фатиханы» оқып, соңында іштен «әмин» дейді. Одан кейін Құраннан ұзақ бір аят яки үш қысқа аят немесе сүре оқылады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» дейді де, рүкүғке барады. Бұл жерде кем дегенде үш рет «СубханАллаһил-азим» деп тәсбих айтады. Сосын «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» сөзін айтып, қиямға барады. Қиямға барысымен «Аллаһумма Раббәнэ уә ләкәл-хамд» деп айтады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеде үш рет «Субхана Раббиял-а’ла» дейді де, «Аллаһу әкбар» деп, сәждеден түрегеліп, бір тәсбих айтылатындай уақыт отырады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барады. Мұнда да үш рет «Субхана Раббиял-а’ла» деп тәсбих етеді. Осылайша бір рәкат аяқталады.
Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, екінші рәкатқа бастау үшін қиямға тұрады. Түрегеп тұрып тек қана «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» және қосымша сүре оқылады. Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін отырады. Бұл – екі рәкаттық намаздың соңғы отырысы. Осы жерде «әт-тахият», «салауат», «раббанә әтина» дұғалары оқылады. Олар мыналар: «Әт-тахияту лиллаһи уас-салауату уа’таййбату, әс-сәламу а’ләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһу, әс-сәламу а’ләйна уә а’ла ибәдиллаһис-саалихин, әшһаду ән ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ»,
«Аллаһумма салли а’ла Мухаммәдин уә а’ла әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а’ла Мухаммәдин уә а’ла әли Мухаммәд. Кәмәә бәәрәктә а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжид».
«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-әәхирати хасанатән. Уә қинәә а’заабан-наар.» Осыдан кейін барып «әс-Сәламу а’лайкум уә рахматуллаһ» деп, алдымен – оңға, сонан соң – солға сәлем береді. Міне, осылайша екі рәкаттық намаз аяқталады.
(Бұл Тан намазы “Ислам ғылымхалы” кітабынан алында).
(3 басылымы)
Мухтдин ИСАҰЛЫ, Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ
Сұрақ: жумыста намаз окуга ешкандай жагдай жасалмаган сонда жумыстагы адамдар бесін, аср намазды калай отейді?
Жауап:
Сұрақ қойған: Луиза
Бұл қазіргі таңда қиындық тудырып жүрген мәселелердің бірі. Көптеген Аллаһтың парызын орындап, намаз оқып жүрген сүйікті құлдары осы сұрақты жиі қоюда.
Әз, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) “Аяқ киімнің бауында Аллаһтан сұраңдар” – деген хадисі бар. Демек ең алдымен Аллаһтан жұмыс бабында намаз оқуымызға жеңілдіктер бере көр деп жалынып сұрауымыз қажет. Бірақ басшыларымыз бүгінгі күндері түсініп қалдығой, сондықтан рұқсат сұрап 5-10 минут уақытыңызды тым мүмкіншілік қиындау болса тек парызын ғана оқуға рұқсат алып, бөлмеңіз (офисыңыз) бір ғана бөлме болса сол бөлменің бір бұрышына жайнамазыңызды жайып жіберіп оқысаңыз кім сізге не дейді? Пайғамбарымыз, сахабалар қаншама ғазауаттарда қиындығына қарамай жолын тауып намаздарын қаза қылмауға тырысқан. Ата-бабаларымыз ше?! Кеңес одағында халық жауына санағанына қарамастан тығылып намаздарын өтеген.
Ендеше біздің жағдай олардан ауыр емес деп ойлаймын. Ең бастысы мына аятқа көңіл бөліп көрелік. Аллаһ Тағала Құрани Кәрімде: “Кім Аллаһтан шынайы қорқатын болса оған шығар жол тауып береміз”- делінген мағынасында. Ендеше Аллаһтан дұға етіп, намаздың қаза болып кетуінен қорқып, өтеуге амалын іздесек күтпеген жерден Аллаһ нәсіп ететіні жөнінде жоғарыдағы аяттың жалғасында баян еткен.
Ал, оқуға еш жағдай жасалмаған деген сөзіңізге келер болсақ, намаз әжетхана мен моншада оқуға болмайды. Ал басқа жердің барлығы таза болса оқи бересіз. Және таза жерге сәжде ету үшін заман талабына сай қалта жайнамаздарда жоқ емес. Егерде тіпті еш мүмкіндік жоқ деп санасаңыз тіпті отырған орындығыңызда жолда көліктегіше оқысаңыз болады. Бұл сіздің намазды қаза қылмауыңыз үшін берілген жеңілдік. Осы арада бір мысалы келтіріп өтелік:
Ертеректе бір ғалым кісіге жала жабылып, түрмеге түскен екен. Түрменің ең төменгі қабатына достарымен бірге қамауға алады. Сонда мұз болып қатқан зәрлерді үстерінен тастап қинапты. Аяқ жылуымен еріген зәр үстіне қайта-қайта мұзды зәр тастап отырған екен. Сонда ұйықтауға да, намаз оқуға да, дәрет алуға да, таяммумға да мүмкіншілік жоқ. Сол кісілер Аллаһтан қорыққандарынан амалын тауып намаз оқығанда кезекпен еңкейіп тұрып бір-бірлерінің арқасына сәжде жасаған көрінеді. Мұндай қиын-қыстау заманда үзірлі саналып дуал шаңына немесе киім шаңына таяммум соғып, парызын өтеуге дінімізде жеңілдіктер бар. Аллаһ Тағала “Бақара” сүресінде “Дінде зорлық жоқ” – деген аяты бар.
Және ескере кетер жайт, аятта “Расында намаз мүміндерге өз уақытында парыз етілді” деген.
Ендеше ниетіңізді бір Аллаһқа бағыттап, жолын тауып оқуға тырысыңыз. Мүмкіншіліктің тіпті болмайтыны ақылға қонғысыз. Аллаһ амалдарымызды қабыл етіп, Намаздарымызға өз уақытында берік қылсын.
Сұрақ: Бұрынғыдай емес қазір кітаптардың түрі өте көп. Соның кейбірі дұрыс емес, кейбірі басқа бағытта деп жатады, сонда қай кітаптарға және қалай дұрыстығына көз жеткізуге болады?
Жауап:
Сұрақ қойған: Асыл Бек
Бұл сұрағыңызды орынды деп білемін.
Иә, расында қазір кітаптардың алуан түрі жарық көруде. Оның қайсысы тура қайсысы бұрыс екендігі жөнінде білу қарапайым халыққа расыменде қиындық тудыруда. “Фазаил амалдары”, “Ислам діні” және “Нұрнама” т.б көптеген түрлері бар.
Бұл жерде мен төменегідей жолдармен таңдауға кеңес берер едім:
1. Кітаптың ҚМДБ-да сарапталғандығын қараңыз;
2. Немесе, қазіргі таңда танымал діни баспа үйлері жұмыс істеуде. “Нығмет” баспа үйі, “Мұсылман” баспа үйі, “Шапағат нұр” баспа үйі, “Кәусар” баспа үйі, Көкжиек және “Әл Баракат” сондай-ақ, “Нұр-Мүбәрак” баспалары жұмыс істеуде, сонан шығып жатқан кітаптарды алсаңыз болады деп білемін.
3. Немесе, қай жер болмасын әлхамдулиллаһ мешіттер аз емес. Сол мешіттердің Имамдарына жүгініп кеңес сұрасаңыз артық болмас еді. Себебі Имамдардың барлыға ҚМДБ-ның бағытымен жүреді.
4. Шетелден оқып келді екен деп немесе білімі бар деп әркіммен кеңесе беруге сақтықпен қарағанда дұрыстау болады.
5. Сосын әрине осы сайтты пайдаланып сұрасаңыздар да болады. Немесе діни басқарманың www.muftiat.kz ресми сайты бар.
Міне осындай мүмкіншіліктерге көз жеткізсеңіз дұрыс болмақ.
Сұрақ: Хиджап киуге лайықты болу керек сияқты сіз қалай ойлайсыз?
Жауап:
Сұрақ қойған: Гулназым (Nazka)
Арсыздықтан арларын қорғап, шынайы адал мұсылманша зейнеттерін жабынып жүруге бұйырған Аллаһ Тағалаға сансыз мадақтар болып, әз, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар болғай.
Хиджап киюге лайық болу керек сияқты? – депсіз. Хиджап киюдің еш лайықты боларлықтай ерекшелігі жоқ. Тек әйел заты болсаңыз болғаны, сіз хиджап киюге лайықтысыз. Себебі Құранда Аллаһ Тағала Құранда «Ахзаб» сүресінің 59 аятында: «Иә, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеніштерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Аллаһ Тағала аса жарылқаушы, тым мейірімді» – деген аяты арқылы не үшін хиджап киюге міндетті екендігін түсінеміз.
Медицина ғалымдары әйел кісілердің басына орамал таққандар мен тақпайтындар арасында пікір таласып тәжірбие жасасыпты. Сонда базарға кірген шаштары ашық әйелдердің үйлеріне қайтқанда ауырлау күймен қайтып шаштары көп нәрсені жабыстырып алатындықтарын аңлап шаштың жабық жүргендігін қош көріпті.
Хиджаптың тағы бір қырын өмірден алып қарасақ болады. Шаштары жалбырап, ашық-шашық жүретіндерге көшеде тұрған ерлердің жалтаң-жалтаң қарауы мен піштулап ысқырып тиісіп жатқанын көп байқаймыз. Алайда хиджап кигендерге тасмалдау көлігінде орынберіп ерекше сыпайылық танытқандарды да көріп іштей қуанып жатамыз. Рас хиджап кигендерге тиісіп араптың, түріктің киімі деп тиісіп жатқандарда жоқ емес. Оларға айтарымыз мынау: Кезінде Сайн көшесімен Сифулин көшесінен орын алған жек көрінішті қыздардың киімдерімен қазіргі таңдағы қаракөз қыздарымыздың киімдеріне көз тастап ой жүгіртіп көрелікші, айырмашылығы қаншалықты?! Бәлкім алдымен намаздарын оқып ешкімге зиянын тигізбей жүрген хиджаптағы қарындастарымыздан көрі батыстың елдің көркін бұзар ашық-шашық киінген киімдерін түзеген дұрыс болар?! Ата бабаларымыз Исламның бұл жабыну жолын дұрыс түсініп өз қазақи тұрғыда кимешек, сәукеле секілді келтіріп, шашақ-оюлармен өрнектеп Аллаһтың әміріне лайықты етіп, киім пішін жасаған-тын. Өкіншке орай мұндай киімлермен қазіргі таңда тасымалдау көліктерінде жүру қиынға соғады. Себебі шетелге еліктеген бұзылған жастардың үстеріне сынған сүйектермен үштік темірлері ол көйлектің шашақтарын пырым-мырым шығаратыны болса, екінші жағынан мұндай көйлектер қымбатұа түсіп, Силкуай, Адем деген сияқты сауда орталықтарында пәленбай деп өте қымбат бағата сатылып жатқаны, жыртық киімдердің арзандау бағамен тұрғандығы тағы бар.
Жалпы, арсыздыққа қорғаныш болар хиджаптан артық ештеңе жоқ, және әрбір әйел заты хиджап киюге лайықты деп білемін.
Сұрақ: Намазда қолды кіндіктен төмен байлау туралы не айтасыз?
Жауап:
Сұрақ қойған: Сабыржан Есмурзин.
Оң қолыңызды (алақаныңызды) сол (алақаныңыздың) қолыңыздың үстіне қойып, кіндіктің астына қол қуысырасыз.
Дәлелдер:
Қабиса ибн Һулб әкесінен риуаят еткен хадисте:
“Пайғамбарымыз (с.а.с) бізге имамдық қылғанда сол қолдарын оң қолдарымен ұстап алатын еді” – деген. (Термизи).
Және бір хадисте Алиден (р.а) былай риуаят қылынады:
“Сүннет – Намазда алақанын алақанының үстіне қойып, кіндіктің астына қою” – деген. (Абу Дауд пен Ахмад).
Міне осы риуаяттармен Әбу Ханифа мазһабында қолданылады. Және көптген ғұламалар да қолданған.
(Өзге мазһабтардың үкімдерін білгіңіз келсе, “(Төрт мазһабта талқыланған намаз кітабы) НАМАЗ КІТАБЫ”-ын оқып қараңыз. )







