Дүниедегі ең үлкен мұнаралардың құрылысы жалғасуда. Ол Меккеде Харамның (қағбаның) жанынан бой көтеруде. Мұнараның жоғарғы бөлігіне үлкен сағат орнатылып, Аллаһтың берекесі түскен Мекке қаласының уақыты “Гринвич”тің қарсысындағы бүтін дүние үшін уақыт білдіруші белгі болып қалады.
Осы мұнара орналасқан қонақ үйдің басқарушысының орынбасары Мұхаммед Аркуби: Харамға жабыстырып құрылған бұл қонақ үйдің бірінші бөлігі маусымның соңында ашылды. Сағаттың жайланып іске қосылуы шілде айының соңында, яғни Рамазан айының алдында басталады. Сағат жеті мұнараны біріктіріп тұратын негізгі рәміз болып, оны Бен Ладен құрылыс компаниясы Саудия үкметі пайдасы үшін құрылуда. Ол үш қонақ үйді қамтиды. 1.Faimont, 2.Raffles 3.Swiss otel. Мұнарадағы болме және пәтерлердің саны үш мыңға жетеді. Мұхаммед Аркубидің айтуына қарағанда, бұл құрылысқа үш миллиард ақш доллары жұмсалған. Ол Дубайдағы баспасөз конференсиясында сөзге шығып «Меккедегі уақыт сағатын, «Гринвич» уақытына сай қойылды. Қойылудағы мақсат осы» деп хабар берді. Мұхаммед Аркуби есебімен, мұнараның цемент мүсіні 662 метр, темір мүсіні 155 метр болып, жалпы 817 метрді құрайды. Бірақ Дубайдағы “Халифа” мұнарасы 828 метр. Демек Меккедегі сағат мұнарасы цементті мұнараның ең биігі болып жалпы ұзындығы бойынша Дубайдағы мұнарадан кеингі екінші орында тұрады. Меккедегі сағат мұнарасы Ислами мұражай және обсерваторияны өз ішіне алады. Мұны ғылыми және діни мақсатта қолданады. Германияда жасап шығарылған бұл сағат мұнараға орналасуымен деректі фильм түсіріліп, оны корсетеді. Мұхаммед Аркубидің тәпсірлеуінше, сағаттың істеп шығаруында өте үлкен іс атқарылды. Бұл сағаттың ұзындығы 45 метр, ені 43 метр болып Лондондағы “Биг-бен” сағатынан алты есе үлкен. Меккедегі бұл сағаттың дүниедегі уақыт орталығының ең үлкені болып есептеледі. Олар Лондон, Париж, Нью-Йорк және Токио. Мұхаммед Аркубидің айтуынша бұл сағатты кешке 17 км ара қашықтықтан уақытты анық көруге болады. Сағаттың түсі ақ және жасыл болып. Күндіз 11-12 км ұзақтықтан көруге болады. Бұл уақытта оның реңі ақ болады. Көп бөлмелері харамға тұтас болған бұл мұнара ұжымында жеті мыңнан артық адам жұмыс істеуде. Бірақ бұл үлкен құрылыста кейбір сыншылардың сынына ілінуде. Бұл үлкен алып сағат пен үлкен ғимарат ерекше құрметке ие болып келе жатқандай, ал негізінде шынайы құрметпен аса қадірлі болған қағба оның жанында кішкентай болып қалуда деп айтуда. Басқа бір сыншылар болса харамның жанында болған мұндай қымбат бағалы қонақ үйлерде тек дәулетті кісілер ғана жасай алады. Кедей кепшіктер қажылық кезінде өте нашар орындарда тұрады дейді. Мұхаммед Аркуби сыншылар арасына ой тастап, Саудия үкіметі дүниеде мұсылмандар саны көбейіп келетінін, оның соңы қажылықа және умраға (кіші қажылық) келушілер ді есепке алып, 2015 жылға қарай бір сәттің өзінде 15 000000 адам тұрып өмір сүру мүмкіндігі жоспарда бар, деп хабар береді.
.
Аударып дайындаған, Ербол Раманқұлов арнайы Нұр-Отау сайты үшін.








