—-Ислам конференциясына келесі жылы Қазақстан басшылық етеді. Бұл туралы бүгін Тәжікстан астанасы – Душанбеде өткен осы ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында айтылды. Қазір бұл ұйымның құзыреті де, құрамы да артып келеді. Басқосуда Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы саяси-экономикалық байланыстарды өркендету жайы талқыланды.
Ислам конференциясы ұйымына Тәжікстан Орта Азияда ең бірінші болып төрағалық жасады. Жиын осы елдің негізін қалаушы Исмаил Сомани атындағы сарайда ұйымдастырылды. Бұл ғимарат әу бастан-ақ Ислам конференциясы секілді мұсылман әлемімен байланысты шараларды өткізу мақсатында салыныпты. Ал Қазақстан мұсылман дінін ұстанатын мемлекет болғандықтан Ислам елдерімен қарым-қатынасты өрістетуі қажет. Бұған Ислам конференциясы ұйымы мол мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстанның қандай бағыттарда жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын мәлім етті.
Қанат Саудабаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Сыртқы істер министрі:
- Бүгінде Ұйым аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік мәселелерін де реттеуге атсалысып отыр. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төраға ретінде батыс елдері арасындағы диалогты нығайтуға әрі кеңейтуге мүмкіндік туғызуды көздейді.
-
Нұржан Сабырұлы, (KTK – телеарнасынан )








