Нұр Отау

Өте ақылды жауап
Бір күні бір жоғарғыоқу орнының профессоры өз студенттеріне мынадай сауал қояды: «Барлық  нәрсенің жаратушысы Құдай ма?»

Орнынан бір студент тұрып: – «Иә», дейді.

«Сонда Құдай барлығын жаратты ма?» деп тағы қайталады өз сұрағын профессор.

«Иә, сэр», деді студент жоғарыдағы сөздерін нақтылап.

Профессор өз сұрағының тізбегін жалғастырып: «Егер Құдай барлық нәрсені жаратқан болса, онда зұлымдық та бар, сонда Құдай зұлымдықты да жаратты ғой. Ал егер біздің істеген істеріміз біздің өзіміздің кім екенімізді айқындайтын болса зұлымдықты жаратқан Құдайдың өзі зұлымдық иесі ғой, солай емес пе?» деді профессор өзінің келтірген дәлеліне мәз болып.

Мұндай күтпеген сөзді естіген студент үндемей қалды. Ал профессор болса масаттанып өзіне риза болды. Ол студенттерге, Құдай ойдан шығарылған миф екенін тағы бір дәлелдедім деп көпірді.

Сол кезде басқа бір студент қолын көтеріп: «Сізге сұрақ қойсам болады ма?» деді.

«Әрине», деді профессор. Студент орнынан тұрып «Суық бар ма профессор?», деді.

-Әрине бар, сен не ешқашан жаурап көрген жоқсың ба? деп мыскылдады профессор.

Отырғандардың барлығы студенттің сауалына күліп жіберді.

-         Ақиқатында сэр, суық  болмайды. Физика заңдылықтарына қарасақ суық дегеніміз ол тек жылудың жоқтығы. Адамды немесе затты онда энергия бар ма не болмаса ол энергияны шығара алатынын не шығара алмайтынын зерттеп көруге болады. Абсолютті нөл дегеніміз ( Фаренгейт бойынша  – 460 градус)  ешкандай жылудың жоқ болғаны.Бұл температурада барлық материя инертті болып еш нәрсеге реакция жасамайды. Суық жоқ.

Біз бұл сөзді жылу жоқ кездегі сезімімізді анықтау үшін таптық.

Студент ары қарай сөзін жалғастырды.

-         Профессор, қараңғы бар ма?

-         Әрине бар.

-         Сіз тағы қателесесіз сэр. Қараңғылық та жоқ. Ақиқатында қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы. Біз жарықты зерттей аламыз, бірақ қараңғыны зерттей алмаймыз. Біз Ньютонның призмасын қолданып жарықты көптеген түстерге бөліп ол түстердің түрлі толқындарын зерттей аламыз. Ал сіз, қараңғыны солай өлшей алмайсыз ғой. Кәдімгі күн сәулесі қараңғы жерге түссе сол жерді жарық қылады ғой. Сіз бір кеңістіктің қаншалықты қараңғы екенін қайдан біле аласыз? Қараңғылық дегеніміз – жарықтың болмағанын анықтайтын түсінік.

Тағы бір сұрақ қояйын профессор, деп жалғастырды өз сөзін дана студент.

-         Сэр, зұлымдық бар ма?

Бұл жолы әлгіндегідей сенімділігінен сәл де болса айырылған профессор:

-         Әрине бар, мен жаңа айттым ғой, деді. Біз оны күнде көріп жүрміз ғой.Адамдардың арасындағы қатыгездік, көптеген қастандық, жамандық. Осы көріністердің барлығы зұлымдық қой.

-         Жоқ , зұлымдық жоқ. Зұлымдық  тек адамның жүрегінде Құдайға деген сенім болмағандықтан болады.

Ол суық пен қараңғылық секілді, адамның Құдайға деген сенімі болмағандықтан мейірімділіктің жоқтығын түсіндіретін ұғым.. Зұлымдық ол қараңғылық пен суық секілді сенімсіздік пен мейірімсіздік. Зұлымдық деген – ол адамның жүрегіндегі Жаратушысына деген махаббаттың болмауы. Ол жарық жоқ кезде қараңғылық орнайтындай, жылу жоқ кезде суық орнайтындай сезім!

Профессор абдырап отырып қалды.

Ол студенттің аты Альберт Эйнштейн еді.

Анар Қасымова

Зинақорлықтың зардабы мен зияны
Араб тілінен енген «Зина» сөзі ислам дінінде ер немесе әйел бөгде біреумен некесіз жыныстық қатынасқа түсуін білдіреді.Зинақорлықтың зиян зардабы орасан зор.Қазіргі заманғы түрлі ғылыми зертулермен,құран аяттарында  да дәлелденген.Ислам дінінде зинаның  кез келген түріне және зина қорлыққа апратын кез келген әрекетке қатаң тиым салынған.Ал бұл дерттің алдын  алу үшін мұсылман баласына отбасылық өмірін ақ неке мен бастауды әмір еткен.Міне сонда ғана Алла Тағаланың адал жолына түсіп,киелі шаңырақ көтеру арқылы перзент сүйіп,ар ұятты сақтап қаламыз.Құмарлық сезім адам баласының табиғи болмысы,яғни жаратылысы.Жаратушымыз бұл сезімді құлдарына ұрпақ жалғастыру үшін алдын ала  сыйға тартқан.Ал бұл сезімді дұрыс қолданса Пайғамбарымыз сғс үметінің көбейуіне үлес қосып сауап жинағаны,егер дұрыс қолданбаса нәпсіге еріп Ібілістің ойыншығына айналғаны.Яғни,некесіз төсек қатынасына алып баратын кез келген әрекеттен аулақ болу.Алла Тағала былай дейді: «Және зинаға жоламаңдар!Расында ол бір азғындық және жаман жол»(Исра,32).Жұбайлық байланысы жоқ әйелмен ердің тұрақсыз махаббат сезімін жамылып  бір біріне деген шектен шыққан құмарлық сезімдері зиақорлыққа апарып соғады.Пайғамбарымыз сғс хадисінде: Зинақорлықтың алты түрлі жазасы бар.Оның үшеуі осы дүниеде,үшеуі ахырет күнінде болады.Осы дүниедегі үш жазасы; 1 Ол адамның бетінен нұры кетеді, 2 кедей болады, 3 өмірі қысқа болады.Ахиреттегі үш сипаты: 1Алланың қаһарына ілігеді, 2ахиретте есебі қатты болады, 3 мәнгі отта қалады.-деп айтты.(ӘбуЛәйс Самарқанди,Қуррату-л-Ғуюн 21бет).Зинақорлық қауіптілік денгейі осынай қорқынышты.Кейде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан ерлі зайыптылардың ері әйеліне немесе әйелі ерінің көзіне шөп салып жатады.Ал мұның арты талай  шаңырықтың шайқалтуына,адамдардың тағдырының,жан дүниесінің күйзелуіне,дау жанжалға,бейкүнә сәбидің некесіз дүниеге келуіне әкеліп соғады.Қазіргі таңда тастанды сәбидің көбеюінің жиілетуі де осы зинақорлықтың зардабынан.Ислам дінінде бөгде ер мен әйелдің арасындағы қатынасқа шек қойған.Бұл жайлы Қасиетті Құранда (Нұр сүресі 30,31 аяттарында) былай дейді: «(Ей Мұхаммед) мүміндерге айт:Бөгде әйелдерге,сұқтанып көз сұзбесін абыройларын(ұятты жерлерін)ашпасын.Олардың осылай еткені жақсы.Шынында Алла олардың бар қылықтарын байқап тұрады.Мүмін  әйелдерге айт:жат еркектерге көз сүзбесін,абыройларын жапсын»-деп бұйырады.

Бөтен еркектердің бөтен әйелге,бөтен әйел басқа еркектерге құмарлықпен қарауы харам.Зинақорлық үлкен күнә,ар-ождан мен абыройға қарсы жасалынған дұшпандық.Зина жасау тыйым салынған харам амал екендігіне Алла Тағаланың кітабынан да және оның елшісі сғс сүннетінен де дәлелдер келтірілген.Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:Зинақор әйел де, зина жасаған еркекке де жүз(қамшы)дүре соғыңдар.Егер сендер Аллаға,қиямет күніне сенетіндерің рас болса (зинақорларға)аяушылық жасаңдар.Оларды жазалағанда мүміндерден бір топ куә қастарыңда болсын.Зинақор еркек тек зина әйелмен,әйтпесе көп құдайшылардың әйелдерімен ғана үйленумен тиіс.Зинақор әйел де зина жасаушы еркекке,әйтпесе көп құдайшыл еркекке ғана тиюі керек.Зина мүміндер үшін тыйым салынған (харам етілген)-дейді.(Нұр сүресі 2-3аяттар)

Зинаға апаратын себепті алыстан емес,күнделікті өмірден іздегеніміз жөн.Қазіргі қоғамымызда қаламыздың беделді көшелері Сейфулин мен Сайын көше жиегіндегі қысқа етек киіп тәнін сатқан бойжеткендер зинаға нағыз себепкерлер.Аллаға сабырлық танытып,жақсылықтан үміт үзбеудің орнына керісінше жеңіл жүріске яғни шайтанның қармауына оп оңай ілінгені. Бұл шектен шыққан үлкен күнә.Ондай адамдарға Құдай назарында салмайды.Олардың ахиретте тартатын азабы да өте ауыр.Әбу Һурайрадан (ра) жеткен хадисте: «Зинақор зина жасағанда иманы кетеді,ұрлықшы ұрлық істеп жатқанда иманы кетеді,арақ ішуші арақ ішіп жатқанда иманы кетеді».Бұхари,Муслім,Әбу Дәуіт,Термези,Нәсәилер риуаят еткен.Ал егерде істеген ісінің үлкен күнә екендігін ерте түсініп,қатты өкініп,шынайы тәубе жасап ,қайта сол қателігіне қайтып оралмауына ант еткен мұсылман ғана Аллаһ рахымына ие болуы мүмкін.Аллаһ Тағала ол туралы мына аятта былай дейді: «Алайда кімде-кім тәубе қылып,иман келтіріп және ізгі іс істесе,міне солардың жамандықтарын Аллаһ жақсылықтармен алмастырады.Шынында да Аллаһ өте кешірімді әрі аса рақымды. »(Фұрқан 70).

Сондай-ақ азындықтың таратылуына түрткі болып,жаппай жарнамаланып   жатқантауарлар жарнамасында ер не әйел затының жалаңаш тәнін бейнелеу,мерзімді басылым беттері мен теледидарларда бұл үрдістің кеңінен етек алуы зинақорлыққа жол ашады.Халықтың ақыл ойы мен рухани, имани әлсіреуіне әкеп соқтырып жүрген ұятсыз көрсетілімдер жазаларын екі дүниеде де табады.Өйткені олар зинақорлықтың кең етек алуына үлес қосқандар.Аллаһ Тағала ондайлар туралы былай дейді: «Ақиқатында,иман келтіргендердің арасында азғындықтың таралуын жақсы көретіндердің арасында азғындықтың таралуын жақсы көретіндерге дүниеде де,Ахыретте де күйзелтуші азап бар.Аллаһ біледі,алайда сендер білмейсіңдер»(Нұр,19).

Шариғатта ер адам бөтен әйелге көп қарау тыйым салынған.Жай ғана мысал келтіре айтсақ, көшеде қазіргі жігіттер алдынан өтіп кеткен қыз балаға,оның тәніне сұқтана қарап жатады.Онымен қоймай фигурасын,қысқа етек киген қыздардың аяғының қисық түзуін сынап жатады.Бұл да көз зинасына жатады.Пайғамбарымыз сғс хасіретті Әлиге: «Ей Әли!Қайта қайта арқаңа үңіліп қарама.Өйткені,бір рет қарауың сенің хақың,ал екінші рет қарауға хақың жоқ»(Тирмизи,Әдап,28;Әбу Дәуід,Никаһ 43)-деу арқылы харамға бойлау сатылы түрде жүзеге асатынын,яғыни көз салуың мен,құлағыңды түруің мен,тіл қатуың мен,қол ұстауыңмен, және  ең соңында жыныстық қатынасқа түсуіңмен аяқталатындығын меңзеген.

Сондықтанзинадан қашқан адам ақыретте де Аллаһ Тағаланың панасында болатынын ұмытпағаны абзал.

Назгүл Тоқтарбайқызы

«Немістердің – Рамазан айына қызығушылықтары артып отыр»
Германияда Рамазан айының қалыпты жағдай болғаны соншалық, оны тіпті сол мемлекеттің барлық партиялары атап өтетін болған. Рамазан айы біртіндеп Германиядағы қоғамдық өмірдің ажырамас бір бөлігі болғаны соншалық оған деген қызығушылығын ислам дінін ұстанбайтын адамдарда жасырмайды.

«Немістердің – Рамазан айына қызығушылықтары артып отыр», – дейді мұсылмандардың кеңес орталығының хатшысы Айман Мазиек.

Бұрынырақта ауыз ашар беру тек мұсылмандардың ғана ісі болса, қазіргі кезде жарыса ауыз ашарды көптеген саяси партиялармен христиан-мэрлар беруде. Берлинде де Христиан-демократиялық ұйымы бір неше жыл бұрын ауыз ашарларды беру дәстүрін енгізген. Ал қазір барлығы Рамазан айын тойлайды.

«Ауыз ашарға шақыру, біздің мемлекетімізде тұратын барлық мұсылмандарға деген құрметіміз», – дейді Берлиндегі интеграциялық саясаты бойынша ХДҰ өкілі Курт Вансер.

«Kristeligt Dalgblad» айтуы бойынша Мюнхенде социал-демократтар осы жылы бірінші рет ауыз ашар ұйымдастырып отыр. «Ол ауыз ашарға шақыру саяси белгі, ауыз ашар ол біздің «Рождество» мерекесі секілді қалыпты жағдай ғой», – дейді социал-демократиялық партия кеңесшісі Изабель Захарис.

Қазіргі кезде исламға телевидениеде көп көңіл бөліп отыр. Мәселен, RTL 2 каналы ораза кезінде күннің шығу және бату уақытын көрсетеді.

Дайындаған: Өз тілшіміз Анар Қасымова

Қазан қаласында «Islamiс Fashion 2010» халықаралық конкурсы
17 қыркүйек күні Қазан қаласында  «Islamiс Fashion 2010» мұсылман киімдерінің дизайнерлерінің халықаралық конкурсы өзінің жұмысын бастайды. Конкурс ұйымдастырушылары Татарстан Республикасының мәдениет министрлігі, РФ және РТ дизайнерлер одағы, Татарстан мұсылман әйелдері қоғамдық ұйымының одағы, деп хабарлайды «Инфо-Ислам».

«Татарстан мұсылман әйелдері одағының» төрайымы Наили Зиганшинаның айтуы бойынша бұл конкурсты өткізудің мақсаты, «ислам мәдениетін көрсету және оны дамыту мақсатында дизайнерлер мен модельерлердің халық аралық дәрежеде қарым – қатынас жасауға жағдай жасау», сонымен қатар идея және қазіргі заманғы киімдерде дәстүрлі элементерді сақтап қалу іскерлігімен алмасу, сән индустриясындағы жас мамандардың өнерінің творчесволық деңгейін көтеру.

Дәстүр бойынша Қазан халықаралық мусылман киносы фестивалінің шеңберінде өтетін конкурстың әділ қазылар алқасы, белгілі отандық  және шет елдік сән индустриясының өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері болады.

Дайындаған: Өз тілшіміз, Анар Қасымова

Мұсылман қыз – бақытты жан
Исламның нәрімен сусындап жүрген мұсылман әйел өзін қоғамда сабырлы, мейірімді және мұқият ұстап, өзінің бойынан жек көрінішті нәрселерді аулақтатып, өзін әрдайым кешірім сұрауға және кешірімшіл болуға үйретеді. Шамасы келгенше жақсы амалдарды жасауға тырысады. Ең алдымен Құранды сүйіп оқып, Аллаһтың әміріне бой ұсынады, Мәселен Аллаһ айтады: «… Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер, Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді» (Әли-Ғымран  134). Мұсылман әйел ашуын сабырға жеңдіріп, ренжіткен адамды Аллаһ үшін кешіріп, жамандық жасағандарға жақсылық жасауымен салиқалы болады. Себебі, жамандықты тек қана жақсылықпен жоя аламыз. Оған дәлел Аллаһтың мына сөзі: «Жақсылық пен жамандық тең емес, жамандықты ең көркем түрде жолға сал (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуіңнің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. Бұл қасиет сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ,  бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады. » (Фуссилат 34-35).

Өз уақытында ашуға бет алғанда сабырлылық көрсете алған, әр ісіне мұқият болған, қиыншылықта салқынқандылық танытқан құлдарын  Аллаһ сүйеді. Бұндай көркем қасиеттерді Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да құптаған. Ибн Аббастан(р.а)  жеткен хадисте былай айтылады: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ашах Әбд әл-Қайсқа былай деп айтқан: «Сенің бойыңдағы екі қасиетті Аллаһ жақсы көреді, ол көп сабырлылығың және әр ісіңе ой жүгіртуің».

Әрине мұсылман әйел ашуланады. Бірақ бұл ашу оның  өзінің нәпсісі емес, Аллаһ разылығы үшін болады. Мұсылман әйел  қоғамда адамдардың арасында Исламның құндылықтарына бой ұсынбай оған тіл тигізгендерге ғана ашулана алады. Бұндай жағдайларда әлбетте ол өзінің разы емес екендігін білдіре алады.

Мұсылман әйел кек алмайды және кек сақтап, біреуге жамандық ойламайды. Көре алмаушылық, қызғаншақтық,  кекшілдік оның жүрегінен орын ала алмайды.  Аллаһқа деген ұлы махаббат мұсылман әйелін дұшпандық пен көре алмаушылықтан тазартып, оны кішіпейілдік пен кешірімділікке алмастырады. Бұған нақты дәлел болатын оқиға Хинт бинт Атабаның жүрегінде болған өзгеріс. Оның Исламға дейінгі  жүрегі Пайғамбарға, отбасына, сахабаларына деген ашу-ызаға толы болған. Ашуланғаны соншалықты, тіпті Ұхуд соғысы кезінде ол Пайғамбарымыздың ағасының өлі денесіне білгенін жасап, мазақ қылған. Кейін Исламды қабылдап, ақиқат Ислам діні оның жүрегін нұрландырғаннан соң, ол Пайғамбарымызға келіп былай деді: «Иә, Аллаһтың Елшісі! Мен үшін жер бетіндегі жек көрінішті адамдар сені қоршағандар еді. Ал, бүгін мен үшін ең ардақтылар сенің жаныңда жүргендер. » Аллаһ үшін, Аллаһтың хақ діні үшін Хинт бин Атаба жүрегін тазартты. Осы себепті, ол Аллаһ разылығын алды.

Мұсылман әйелдің ішкі жан дүниесі таза, барлық жаман қасиеттерден пәк. Мұсылман әйелдерінің қасиеттеріне, оның Исламдағы құқықтарына, оның құрметіне және айналасына сыйлы екеніне батыстың жалаңаштанған бикештері қызыға да қызғана қарайды.  Өйткені олардың бойынан мұсылман қыздарына тән жақсы қасиеттер, сабырлылық, сыпайылық, әр ісіне мұқияттылық, ішкі жан дүниесінің тазалығы, тақуалық, салиқалылық, әдептілік, кішіпейілділік, адамгершілік сияқты қасиеттер табылмайды.

Нағыз салиқалы әйел қандай бір іс болмасын, оны қиындатпай, тек жеңілдетеді. Құранда Аллаһ былай дейді: «…Аллаһ сендерге оңайлық қалайды,ауыршылық қаламайды…» (Бақара, 185). Қиын қыстау кезеңінде сабырлылық танытып,  оңай жолын іздейді. Дүниеге бола бас ауыртып, оған бола жыламайды.  Тәкаппарланбайды, өркөкіректенбейді, дандайсып, мақтанбайды, қолынан келгенін барынша жасап, айналасындағыларға көмек қолын созады. Себебі, Аллаһтың мынандай сөзі бар: «… Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұлар маңызды істерден. Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп жүрме. Расында Аллаһ бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді» (Лұқман, 17-18) және Аллаһ өз сөзінде былай дейді: « … Олар өздеріне босып кіргендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ, өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлдебіреу сараңдықтан сақсынса, солар құтылушылар» (Хашыр, 9)

Міне, бойына бар жақсылықты жиған, Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындап, салиқалы әйелдерден болған, сөйте жүре өзіне Жәннаттан әсем сарай жасап жатқан, жан-жағына сыйлы да құрметті бола білген мұсылман қыз Раббымыздың мейірімі мен разылығына  бөленген нағыз бақытты жан!

Қарлығаш Сарыбай

Алматы орталық мешітінде Құран Хатым жасалды
Кеше яғни Тамыздың 24- жұлдызында Алматы орталық мешітінде Хатым Құран оқылып бітті. Рамазан айы басталғалы күнделікті 2 парадан оқылған 30 парадан тұратын толық Құранды кеше соңғы 1.5 парасын оқып бітірді. Күнделікті бір-бір парадан бөліп кезекпен оқып отырған Жұманазар мен Данияр қариларға халық рахметін айтып дұғаларын жасады. Ең бастысы бұл Құран айында толық оқылып шыққан Құран Хатым түсірілген тарауих намазына  ҚМДБ-ның төрағасы бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі бір күнінде қалдырмай толық қатысып келеді. Кешегі Соңғы Құран Хатым батасында сол кісі өзі брді. Және бас қаламыз оңтүстік астананың әкімі Ахметжан Есімов мырзада тарауих намазына қатысып қала тұрғындарына жақсы тілектерін айтып, Рамазан мубарак болсын деп халықты құттықтады.

Өз тілшімізден.

Түркияда рекорд ауызашар!
Стамбулдың Эсенлер ауданында құрылған 10 километрлік ауызашар үстелінде 41.120 адам ауыз ашты. Бұл оқиға 21 тамыз күні болды. Алдын ала жоспарланған бұл іске Англиядан Гиннес Рекордтар кітабы редакциясынан 50 адам келіп, фото және видеоға түсірді. Мәліметтер Англияға жіберіліп, нәтижесі кейін айтылатын болады. Бұған дейін бір дастархан басына отырған ең көп адам саны бойынша рекорд Вашингтон қаласында еді, АҚШ астанасында бір уақытта 16.250 адам тамақ ішкен екен. Эсенлердегі ауызашарға тұрғындар өз үйлерінен тамақ әкелді және жергілікті әкімдік те ауызашар үшін біраз азық-түлік бөлген. Ресми есептер бойынша Эсенлер әкімдігі 10 мың тонна палау, 8 тонна ет, 1500 табақ баклава, 100 мың бөтелке су, 45 мың стакан айран және 45 мың стакан сок таратқан. Жалпы ауызашарда 2900 адам қызмет атқарған.

Құмар ойындары ішімдік ішумен бауырлас
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!

Қазіргі таңда көптеген адамдардың қызықтыратыны құмар ойындар. Ал ислам дінінің құмар ойындарға көзқарасы қандай?

Ислам діні ойындарды тыйып, оған шектеу салмайды. Бірақ, құмар ойындарды лағынеттеп, харам етеді. Оған Аллаһтың мына сөзі дәлел: «Әй мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (Бұттар) және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен сақтаныңдар» (Мәида, 90). Мұнда Аллаһ ең үлкен күнәләр, арақ, Аллаһқа серік қосумен бірге құмарды да бірге айтып отыр. Сол себепті де құмар ойындары ібілістің істерінен екені еш шүбәсіз.

Қандай да бір құмар ойын харам болып саналады. Қазіргі кезде, құмар ойындардың ішінде карта ойыны бірінші кезекте болып отыр. Оның ішінде, неше түрі бар. Құмарға берілген адам жан-жағындағыларды ұмытып, бар есіл-дерті тек ортада тұрған ақшада болып, ұтып шығудың амалын ойлап отырады. Екі не одан да көп ойыншының мақсат алдында тіккен ақшаны қайтседе ұтып шығу. Бірақ бұл жерде тек бір адам ғана алады. Қалғандары болса ашу ызаға бұлығып, шайтанның арбауына мас болып, арам ойлары көз алдына келіп отырады. Таңғалатын зат емес, егер де екі ойыншы бір-біріне ашу – ызамен отырса, олар жан-жағын ұмытып кетеді. Ұтылған ойыншының халін суреттеп көрелік: ашуға бұлыққан адамның келбеті, арманы орындалмады, бар ақшасынан айырылды, ішкі дүниесі өртеніп, қып-қызыл болып, арам ой ойлап отырады. Жығылған күреске тоймас деп, өтірік  сеніммен  жоғалтқан қаржысын қайта алу мақсатымен ол қайтадан бәс тікпек, қазыққа байланғын ит секілді енді ол сол жерден айналшықтап шыға алмайды… Ал, ұтқан адам ше? Ұтқан қаржысына тоя алмаған ол, көбейген үстінен көбейсін деп ары қарай шайтанның лас ісіне арбалмақ… Сиырға туған күн бұқаға да туады. Кезекпен –кезек болмақ. Енді ұтылған адам ұтып, ұтқан адам ұтылады. Осылай, құмар ойындары қоғамды жалқаулармен толтырып, еңбектен тыйып, дінді ұмыттырып, оны құртады.

Негізінде, Ислам діні әр мұсылманды Аллаһтың көрсеткен жолымен өз ризығын тауып, адал ас ішіп, иманның кәусардай таза бұлағынан сусындауды қалайды. Ал, құмар ойындар адамды еңбек етуден тыйып, оны бос армандарға жетелеп қояды. Аллаһтың алдындағы, қоғам, өзі мен отбасы алдындағы жауапкершілікті ұмытады.  Мәселен, қазірге таңдағы лоторея ойындары. Көптеп тараған бұл ойындар адамды бос қиял мен арман жетегіне жетектетіп қояды. Жұмыстан тыйып, айналаңды ұмыттырады. Ақшаңды далаға шашады.  «Негізінен шайтан арақта, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан  және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма?» (Маида 91),-дейді Аллаһ Қасиетті Құранда. Яғни, құмар ойындары дос демей, туыс демей араға дұшпандық ой салады, Аллаһты еске алып, намаздан тыяды.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) былай деп айтқан хадисі бар: «Кімде-кім досына құмар ойынды ойнауға ұсыныс білдірсе, оның садақа беруі – міндет» (Бұхари мен Мүсілімнен жеткен). Бұл хадисте айтылып тұрған  мағына ойынды ойнамай, тек шақырудың өзі де харам дегенді білдіреді. Сол себепті өтеу ретінде садақа беру үкім болып табылады.  Пайғамбарымыздың (с.а.у) бұл хадисте садақа беріңдер деп меңзеп тұрғаны ол жеке адам емес, бүкіл қоғамға зиян келтіретін болғандықтан бұндай жек көрінішті құмар ойынға тыйым салып отыр. Өйткені қазіргі таңда құмар ойыны өз-өзіне қол жұмсау, бір-бірін өлтіру, ажырасу, ұрлық-зорлық, қарызға бату сияқты халге жеткізіп отыр. Бұданда сорақысы өз әйелдерін бәске тіккендерді де естіп те, көріпте жүргендеріңіз тағы бар. Бастапқыда халал болған (дұрыс жолмен тапқан) қаржы осылайша харамға бет алады. Осының арқасында қаншама отбасылар ойран болып, баспанасынан айырылып, қаншама балалар жетім қалып, далада қаңғырып жүр. Осы құмар ойынының зардабынан менің ойымша ел дамымайды және  қазақ ұлтының артқа қадам басуына септігін тигізеді. Кешеде қаладан қуылған мұндай ойын-сауық мекендер, бүгінде қайта қала ішінен орын алып жатқандай. Ел болып, бесігімізді түзейік десек, осындай басқа түскен қарақұрттардан аулақ болып, иманымызды көркейтейік. Аллаһ бізді осындай шайтанның лас істерінен сақтасын!

Мұхит Жарымбет,

Нұр-Мубарак Университетінің 4-курс студенті

Иран футболшысы ораза ұстамағаны үшін клубтан босатылды
Иран футбол клубы “Стил Азин” клуб футболшысы, жартылай қорғаушы болып ойнаған Али Каримиды Рамазан айындағы мусылмандарға парыз болған ораза ғибадатынан бас тартқаны үшін сондай-ақ, бұл жетпегендей футболшы мемлекет футбол федератсиясын және өз клубын жамандап, сөккендігі үшін оны жұмысынан босатқандығы туралы хабар береді клубиың ресми сайтында.

“Мен мұсылманмын және Аллаһқа иман келтіргенмін”, – деді Карими. Және Иран футбол федератсиясының өкілдерін сөккендігі туралы хабарды олай болмағанға шығарды.

“Айлық бәйге”-1, Бақытжан Орынбасарұлының жауаптары
Аса мейірімді ерекше қамқор Аллаһтың атымен бастаймын

Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Ислам дінінде қандай үлкен күнәларды білесіз? және әр қайсысына қысқаша мәлімет жазыңыз.

Ең үлкен күнәнің бірі Аллаһ сақтасын – Аллаһ Тағалаға ортақ қосу. «Лә иләха иллаллаһ» Аллаһтан басқа тәңір жоқ деп калима айтып куәлік еткеннен кеиін жалғыз Жаратушыға серік қосу теңеу іздеуге мұсылман үшін тыйым салынған ауыр күнә.

Сиқармен айналысу – жалған іс, көзбояушылық, арбау, айлакерлік сияқты қай кезде де жағымсыз адами амалдарға қайшы әрекет.

Жазықсыз адам өлтіру – Аллаһ жаратқан жаратылысқа себепсіз залал келтіру дұрыс емес екенін санасы бар адам түсінеді ал енді  адам баласын өтліру былай тұрсын зиян келтіруден аулақ болуымыз керек.

Парақорлық жасау – аз ған пайда үшін қыруар шығын жасау, қоғам қасіреті екенін көзіміз көріп жүр емес пе?

Жетімнің малын жеу – барып тұрған азғындық. «Жетім көрсең жебей жүр» деп қазақ ата тегін айтпаған. Қазіргі таңда жйі еститін сөзіме айналып бара жатқан «Есіркеме жетімді, жетім …..» деген сөзі естігенде тұла бойым түршігеді, көз жасыма ерік берем. Жетімдіктің қайғысын түсінген адам мұндай сөзден өзін таза ұстар еді. Жетім әке не шешеміздің келіп басымыздан сипағанын аңсап жүрген жандардың сыртынан қалай ғана адам ауызы барып айтады екен. Ал малын жеу опасыздық.

Соғыстан қашу – «Отанды сүйу иманнан»

Арлы мұсылман әйелге жала жабу – Ар-ұят қастерлі сезімді аяқ асты етуді, жазықсыз қиянат жасауды ешкім ақтай алмас. «Егер сендер тыйым салынған нәрселердің үлкенінен яғни үлкен күнәлардан сақтансаңдар, сендердің кіші күнәларыңды кешіріп, өздеріңді құрметті орынға (жәннатқа) кіргіземін» делінген Құранда. (Ниса сүресі 3-аят)

Абу Хурайра риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мына құрдымға түсіретін жеті күнәдан сақтаныңдар» – депті. Сонда сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Олар қандай күнәлар?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аллаһқа серік қосу, сиқырмен айналысу, жазықсыз адам өлтіру, парақорлық жасау, жетімнің малын жеу, соғыстан қашу және арлы мұсылман әйелге жала жабу» деп, жауап берді».

Зина жасау - Ислам дінінде үлкен күнә. Яғни ислам діні мұндай іс-әрекетке қатаң түрде тыйым салады. Аллаһ Тағала мұсылмандарға ең үлкен күнәларды уахи еткенде зинаны да үлкен күнә қатарына жатқызып былай дейді: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол». (Исра сүресі 32-аят)

Исламдағы мұғжиза дегеніміз не? Оған бірер мысал келтіріп өтіңіз?

Исламдағы ең үлкен қияметке дейін жалғасын табатын мұғжиза ол Құран. «(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға мұғжиза келтірмесең, олар: «Оны өзің неге жасамадың?»,- дейді. Мен: «Раббым тарапынан маған уахи етілгенге ғана бой ұсынамын. Осы Құран, иман келтірген елге, Раббыларыңнан ашық дәлелдер. Сондай-ақ тура жол әрі мәрхамет». (Ағраф сүресі 203-аят)

Миғраж түні  Пайғамбарымыз (Мұхаммед Ғ.С.)  көкке көтерілген түн, бұл адам баласын таң қалдыратын және иманына сынақ болатын өте бір үлкен оқиға. Бұл сондай ұлы бір күн, ол күні адам баласына жәннат кілті болған намаз оқу парыз етілді. Міне қысқаша қайырғанда осында мұғжизалы оқиғаларды мысалы Пайғамбарымыздың көкке көтерілгенін муғжиза деп атайды.

3. Исламдағы бауырмашылық жайлы не айтасыз?

Жүрегінде шаңнын тозаңындай иманы бар адамнан өзіңде төмен үстай білу ең бірінші бауырмашылық, Исламға құрмет, мұсылмандарға ізеттің белгісі. Аллаһтың бар екеніне иман келтіргеннен соң тағы басқалар оған иман келтірсе Аллаһ Тағалаға қарай сәл де болса ұмтылыс жасаса, ол адамнан өзіңді төмен ұстау арқылы Аллаһқа жақындауға жол ашамыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде «Өзің жақсы көрген нәрсені басқаға да, бауырларыңа да тілемегендеріңше, бір де бірің шынайы мұсылман бола алмайсыңдар», – дейді. Ендеше бауырмашылдықтың ең тамыры ол бір-біріне тек жақсылықтарды қалап, құрметтерінің артуы.

4. Ғайбат дегеніміз не?

Ғайбат – Мұсылманға яки жалпы адам баласының атына айтылған жағымсыз (тйым салынған, ондайдан қайтарылған) сөз. Ескеретін жайт ғайбат пен жаланың арасын ажыратып алған дұрыс болар. Жала адамға тағылған жасамағанын жасады деген жалған айып. Ғайбат болса дұрыс емес іс мейлі күнә болсын мейлі мәкруһ (жағымсыз) іс болсын жасағаны рас бола тұра оны жария ету, бұл жерде жағымсыз лақап ат қою да ғайбат екені түсінікті жайт, яғни қандайда болмасын адам ауызынан басқа біреу туралы жағымсыз сөз айту. Үйлену сияқты мақсаттарда ақылдасқан кезде, болашақ күйеу не болашақ келін немесе ол екеуінің жақын ағайын туыстары туралы мағлұмат білгілері келсе, үлгі-насихат ниетімен оң-терісі айтылуына ғалымдар рұқсат берген.

«Біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген бауырының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, жек көресіңдер», делінген Құрани Кәрімде. («Хұжырат» сүресі, 12-аят).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына: «Ғайбаттың не екенін білесіңдер ме?» - дегенде, олар: «Аллаһ және Оның елшісі (с.ғ.с.) жақсырақ біледі», – деді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бауырыңды ол жақтыртпайтын сөздермен еске алуың»,- деген.  Сонда  біреуі:  «Егер  айтылып  жатқан кемшіліктер оның бойында болса ше?» – деп сұрақ қойды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер оның бойында сенің айтып жатқаның болса, сен оны ғайбаттадың, ал егер ол кемшіліктер болмаса, онда оған жала жаптың», – деп жауап берген (Муслимнің риуаяты).

Сұрақтарға жауап берген: Наурызбаев Бақытжан Орынбасарұлы